Сайлауға өзін өзі ұсыну

Өзін өзі ұсыну немесе тәуелсіз кандитат — бұл қандай да бір саясаткердің ешқандай саяси партияға, ұйымға мүше болмай ақ, сайлау қатысуы.


 


Қазақстанда тәуелсіз кандидаттардың сайлауға қатысуына көп шектеулер қойылған. 2021 жылы ғана оларға аудан, ауыл, аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауына қатысуға мүмкіндік берілді. 


 


Саяси партиялардың атынан қатысқан кандидаттардың жалпы саны 878 адам (38,2%) болды. Айта кететін бір жайт, ауыл әкімдерін сайлауға өз кандидаттарын алты партияның алтауы да ұсынды. Сайлауға қатысқан үміткерлердің басым көпшілігі өзін өзі ұсынғандар. Олардың саны 1 419 адам (61,8 %), — деді ҚР мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин 2021 жылы ауыл әкімдерінің сайлауына кандидаттарды тіркеу кезінде. 


 


Бірақ заң бойынша Қазақстанда тәуелсіз кандидаттар өзін өзі мәслихат, мәжіліс, сенат және президент сайлауына ұсына алмайды. 


 


2007 жылы Конституцияға енгізілген кезекті өзгертулерден кейін тәуелсіз кандидаттар парламент депутаттығына өзін өзі ұсына алмайтын болды. Ол кезде билік бұны саяси партиялар мен көппартиялықты дамыту үшін жасалды деп түсіндірген. Сол уақыттан бері тәуелсіз кандидаттар парламент депутаттығына өзін өзі ұсына алмайды. 


 


2018 жылы Қазақстанда пропорционалдық сайлау жүйесі (партиялық тізіммен) енгізілді.


05/04/2022 17:16 3038 0

05/04/2022
17:16 3038 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление